Олардың есімдерімен көшелер атанған!

"Ertis" мұражайында "Олардың есімдерімен көшелер атанған" жобасы аясында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай "Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы" атты музейлік дәріс өтті. Бұл іс-шараға Д-11 тобының бірінші курс студенттері қатысты.
Музейлік дәріс барысында студенттер Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогеника ғылымының негізін қалаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының ұйымдастырушыларының бірі және тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми қызметімен, тарихи деректерімен, сондай-ақ минералдар мен пайдалы қазбалар үлгілерінің жеке топтамасымен танысты.

image

Jastar Lіgacy ENG

Jastar Lіgacy ENG Service Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенттік парламентімен және белсенділерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты-оқу орнының жастар қозғалысын және ERG Service біріктіру. Колледж базасында кәсіпорынның жастар қозғалысының патронатымен JL EG Service амбассадорлар тобы құрылды. Барлық бағдарламалар мен іс-шаралар  колледж амбассадорлар кеңесіне таратылып отырылады.

image[8]

Жақсылық жаса!

3 сәуірде МХ - 26 тобының студенттері балалары бар әйелдерге арналған әлеуметтік-психологиялық көмек орталығына барды.
  Олар балалардың аналарына шаштарын сәндеп, макияж жасап берді. Ал олардың қыздарына шаштарын ерекше өріп, ұлдарының шаштарын қиды.
Аналары мен балалары шексіз ризашылықтарын білдірді.  Орталық колледж тарапынан берілген көңіл - назарға,  сұлулыққа қуанса, студенттер шаштараз қызметтерін көрсету дағдысын шыңдау мүмкіндігіне ие болуға және жақсы атқарылған игі істері үшін алғыс алуға қуанышты.

image

Жас сарбаз

28 наурыз күні "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клуб аясында  Жастар бастамаларын дамыту орталығында ТАУ - 16 тобы студенттерінің қатысуымен шебер-класс өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-ең алдымен қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Бұл шебер-классты  6679 әскери бөлімінің әскери жетекшісі лейтенант А.Ж.Калистратов ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер әскери құрылымдардың қызметімен, казармалық тұрмыспен, киім-кешекпен және әскери техникамен танысты. Біздің студенттер алғашқы әскери дайындық оқытушысы А.К.Кульмуратовтың жетекшілігімен автоматты бөлшектеу және құрастыру бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Кездесу соңында диалог алаңы өткізілді, онда студенттер әскери іс бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға  толық  жауаптар алды.

image image image

Beauty кездесу

Бүгін біздің колледжде балалары бар әйелдерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету Павлодар қалалық орталығының балаларымен МХ-26 тобы студенттерінің Beauty кездесуі өтті.
Осы кездесу аясында біздің шаш-стилисттеріміз барлық қонақтарға шаштарын сәндеп берді. Ал ең кішкентайларға  өрімді үш бөлікпен өру бойынша шебер класс өткізді.

image

Наурыз аруы-2024!

Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне колледжде дәстүрлі "Наурыз аруы" байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендердің төрешілігіне өздерінің визит карточкаларын ұсынды. Қыздар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін, өздерінің шығармашылық және аспаздық қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесінде "Наурыз аруы" атағын Д-11 тобының студенті Дауленбаева Даяна жеңіп алды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
"Бірегейлік аруы" - Бобякова Ада, МХ-17 тобы
"Көз тартарлық аруы" - Нурушева Дана, Д-11 тобы
"Сән аруы" - Сыздыкова Сабина, Д-29 тобы
"Артистизм аруы" - Кәрібаева Камила, ТЭ-18 тобы
"Әсемділік аруы" - Байзакова Алия, МХ-26 тобы
"Нәзіктік аруы" - Калыкова Нурай, Д-11 тобы
Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Байқау жеңімпазы Дәуленбаева Даяна сыйлық ретінде колледждің әлеуметтік серіктесі "Этуаль" сұлулық және эстетика үйінен сертификат алды.
Сонымен қатар, біздің қонағымыз,  қазылар алқасының мүшесі, фотограф және "Diamond" модельдік мектебінің оқытушысы Ольга Чемерис Сыздыкова Сабинаға фотосессияға сертификат табыс етті.

image