Олардың есімдерімен көшелер атанған!

"Ertis" мұражайында "Олардың есімдерімен көшелер атанған" жобасы аясында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай "Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы" атты музейлік дәріс өтті. Бұл іс-шараға Д-11 тобының бірінші курс студенттері қатысты.
Музейлік дәріс барысында студенттер Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогеника ғылымының негізін қалаушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының ұйымдастырушыларының бірі және тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми қызметімен, тарихи деректерімен, сондай-ақ минералдар мен пайдалы қазбалар үлгілерінің жеке топтамасымен танысты.

image