JuStart

Жастар бастамаларын дамыту орталығында 7 ақпан күні қала студенттері арасында "JuStart" бизнес-ойыны ұйымдастырылды.
    Колледжімізден аталған кездесуге МХ-26 тобының студенттері қатысты.
     Ойын басталмас бұрын аудитория алдында мотивация және көшбасшылық жөніндегі спикер сөз сөйледі . Маркетинг негіздерімен SMM - маманы Жанель Мусалдаева таныстырды.
     Одан ары командалар "сататын" презентация жасау ісінде жарысқа түсті. Нәтижесінде МХ - 26 тобындағы қыздарымыз 1 орынға ие болды.
Жеңістерің құтты болсын!
"Политех" - үздіктердің үздігі!

image