Жас сарбаз

28 наурыз күні "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клуб аясында  Жастар бастамаларын дамыту орталығында ТАУ - 16 тобы студенттерінің қатысуымен шебер-класс өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-ең алдымен қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Бұл шебер-классты  6679 әскери бөлімінің әскери жетекшісі лейтенант А.Ж.Калистратов ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер әскери құрылымдардың қызметімен, казармалық тұрмыспен, киім-кешекпен және әскери техникамен танысты. Біздің студенттер алғашқы әскери дайындық оқытушысы А.К.Кульмуратовтың жетекшілігімен автоматты бөлшектеу және құрастыру бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Кездесу соңында диалог алаңы өткізілді, онда студенттер әскери іс бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға  толық  жауаптар алды.

image image image