Ұлттық спорт түрлері күні!

2024 жылғы 20 наурыз - Ұлттық спорт түрлері күні.
  Ұлттық спорт түрлері жаңа ұрпақтың бойында ұлттық мұраны сақтауға,  ұлттық сана-сезімді дамытуға ықпал етеді.
Бұл күні барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлері бойынша түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. Мысалы: бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, сондай - ақ сұңқар аулау бойынша жарыстар-құсбегілік, сондай-ақ тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту.
20 наурызда колледжде ұлттық ойындар күні өтті, онда студенттер тоғыз құмалақ, бес асық ойындарында өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсете алды. Мұның бәрі студент жастарға жалпыға ортақ мерекені сезінуге, қазақ халқының салт-дәстүріне енуге мүмкіндік берді.

image