Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге орай "Дизайн" мамандығының студенттері үйірме жетекшісі Е.С.Богужамен бірлесіп "Менің Қазақстаным-менің бақытым!" тақырыбына шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге орай "Дизайн" мамандығының студенттері үйірме жетекшісі Е.С.Богужамен бірлесіп "Менің Қазақстаным-менің бақытым!" тақырыбына шығармашылық жұмыстар көрмесін ұйымдастырды.

2024 жылғы 24 қазанда колледждегі топтарда 25 қазан күні елімізде атап өтілетін Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуге орай "Республикамның тарихы" тақырыбы бойынша ашық кураторлық сағаттар өткізілді.

2024 жылғы 10 қазанда Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенттік Парламентінің Президентін сайлады. Дауыс беруге колледж студенттері мен оқытушылары қатысты.
Үміткерлер екі апта бойы өздерінің сайлау алды бағдарламаларын назарға ұсынды, онда студенттік өмірді жақсарту бойынша ұсыныстармен танысты. Жеңісті 2 курс студенті Мироненко Полина жеңіп алды.
Сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:
Мироненко Полина-30,7%;
Харитонов Владислав - 20,4 %;
Быстрова Ольга-16,8 %;
Крисанов Даниил – 11,8 %;
Либих Илья-11,3 %;
Машин Ярослав – 9 %;
Мироненко Полинаны Президент атануымен құттықтаймыз.

Студенттік Парламенттің бірінші отырысы 2024 жылғы 15 қазанда өтеді, онда колледждің студенттік Парламентінің құрамы қалыптастырылады және оның жұмысындағы алғашқы міндеттер айқындалады.
Халық қаһарманы Р.Қ. Қошқарбаевтың 100 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында 2024 жылғы 14 қазанда колледжде "Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстаг үстіне тігілген жеңіс туы" тақырыбы бойынша ортақ кураторлық сағат өткізілді.

2024 жылдың 4 қазанында колледжде мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Таңертеңнен бастап студенттер біздің оқытушыларымызды тосынсыйлар мен құттықтаулармен қуантты. Іс-шарада АТ-29 тобының 2 курс студенттері педагогикалық еңбек ардагерлеріне салтанатты түрде құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыс етті. Іс-шара барысында МХ-18, Д-21, МХ-45, Д-48, ТАУ-26 тобының студенттерінен жарқын музыкалық және көркемдік нөмірлер ұсынылды. Біздің әлеуметтік серіктестеріміз әлеуетті дамыту жөніндегі үйлестіруші Целищева Юлия Сергеевна мен Jastar Ligasy ERG Service басшысы Гнедаш Александра Евгеньевнаның құттықтауы жағымды тосын сый болды. Директорымыз Якутов Валерий Леоновичтің құттықтауы мерекелік концерттің ең жағымды сәті болды.

2024 жылдың қыркүйек айының 16-20 аралығында 1 курс студенттері арасында колледж психологы С.Д. Жүнісова "Танысайық" тренингін өткізді. Негізгі мақсаты-студенттік ортада достық қарым-қатынасты қалыптастыру және тәрбиелеу.
