Жас батыр!

2024 жылдың 20 ақпанында дәстүрлі "Жас батыр"жарысы өтті. Іс-шара жастардың әскери-патриоттық және спорттық дамуы аясында өткізіледі. Жарыс жылы және достастық атмосферада өтті. Қатысушылар өздерінің физикалық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтына деген белсенді ұмтылыстарын көрсетті.
Қазылар алқасының мүшесі, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың тәрбие-идеологиялық жұмыс тобының бастығы Ораз Мурзалиннің айтуынша, жарыста дене шынықтыру және моральдық-психологиялық формадағы үздік студенттер қабілеттерін көрсетті.
Бұл жарыс-жастар арасында спорт культі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру жолындағы шағын қадамдардың бірі.
Қажырлы күрес арқасында біздің колледж командасы күміс жүлдегер атанды, ал команда капитандары сайысында Вугар Исмаилов (АТ-19 тобы) 3-ші орынды иеленді.
Біздің команданы лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

image    image