Жақсылық жаса!

3 сәуірде МХ - 26 тобының студенттері балалары бар әйелдерге арналған әлеуметтік-психологиялық көмек орталығына барды.
  Олар балалардың аналарына шаштарын сәндеп, макияж жасап берді. Ал олардың қыздарына шаштарын ерекше өріп, ұлдарының шаштарын қиды.
Аналары мен балалары шексіз ризашылықтарын білдірді.  Орталық колледж тарапынан берілген көңіл - назарға,  сұлулыққа қуанса, студенттер шаштараз қызметтерін көрсету дағдысын шыңдау мүмкіндігіне ие болуға және жақсы атқарылған игі істері үшін алғыс алуға қуанышты.

image