"Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында колледжде "Тапқырлар" интеллектуалдық ойыны өткізілді. Негізгі мақсаты: студенттердің көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ойын нәтижесі бойынша АТ-19 тобының студенті Елемесов Рахат жеңімпаз атанды.