"Абай ілімі "Толық адам"

27 ақпанда бірыңғай тәрбие бағдарламасын , сондай-ақ "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру аясында І курс студенттері арасында "Абай ілімі "Толық адам" сыныптан тыс іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты-оқушылардың Абай тұлғасы туралы білімдерін, түсініктерін, оның дүниетанымын, "Қара сөздер" негізіндегі нанымын қалыптастыру. Аталмыш іс-шараға МХ - 17 тобының І курс студенттері Петрова Алиса және Корж Кира қатысты. Олар ұлы ақынның қара сөздерін жатқа оқыды. ТЭ-18 тобының студенті Токсамбаев Амир қатысушылардың назарына Абай Құнанбаевтың туындысын ұсынды. Іс-шара соңында қорытындылар шығарылып, студенттер бүгінгі таңда олар үшін Абай тәрбиесінің қаншалықты маңызды екендігі, оларда қандай философиялық мағына бар екендігі туралы өз пікірлерімен алмасты.

image