Ұлттық спорт түрлері күні!

2024 жылғы 20 наурыз - Ұлттық спорт түрлері күні.
  Ұлттық спорт түрлері жаңа ұрпақтың бойында ұлттық мұраны сақтауға,  ұлттық сана-сезімді дамытуға ықпал етеді.
Бұл күні барлық өңірлерде ұлттық спорт түрлері бойынша түрлі жарыстар мен турнирлер өткізіледі. Мысалы: бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, сондай - ақ сұңқар аулау бойынша жарыстар-құсбегілік, сондай-ақ тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту.
20 наурызда колледжде ұлттық ойындар күні өтті, онда студенттер тоғыз құмалақ, бес асық ойындарында өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсете алды. Мұның бәрі студент жастарға жалпыға ортақ мерекені сезінуге, қазақ халқының салт-дәстүріне енуге мүмкіндік берді.

image

18 наурыз - Ұлттық киім күні

18 наурыз - Ұлттық киім күні. Колледжде оқытушылар мен студенттер арасында "Ұлттық киім күні" атты  челленджі ұйымдастырылды.  Челленджді ұйымдастырудың негізгі  мақсаты - ұлттық мәдениетті танымал ету.

image

Новая концепция празднования Наурыз мейрамы

1119873

 

 НАУРЫЗНАМА Новая концепция празднования Наурыз мейрамы

 

  

2024 жылдың 15 наурызы- Қайырымдылық күні!

2024 жылдың 15 наурызы-  Қайырымдылық күні. Осы Қайырымдылық күні қазақстандықтар өздерін қайырымдылыққа, мейірімділікке және татукөршілікке бағыттауы қажет. Бүгін колледжіміздің студенттері "Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау өңірлік орталығы" КММ барып, балалардың шаштарын сәндеп қиып берді. Қыздар шашты қию кезінде әр ер баланың қалауын ескеріп,  арманын орындады.

image   image   image

Тапқырлар

"Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында колледжде "Тапқырлар" интеллектуалдық ойыны өткізілді.  Негізгі мақсаты: студенттердің көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ойын нәтижесі бойынша АТ-19 тобының студенті Елемесов Рахат жеңімпаз атанды.

image  image

Көрісу күні–Амал мерекесі

2024 жылдың 14 наурызында "Көрісу күні–Амал мерекесі" күні басталды. Осы күн аясында колледждегі холлда қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы бейнероликтер көрсетілді. Негізгі мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және студенттердің бойында дәстүрлерді  құрметтеуді қалыптастыру.

image