Наурыз аруы-2024!

Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне колледжде дәстүрлі "Наурыз аруы" байқауы өтті.
Байқауға қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендердің төрешілігіне өздерінің визит карточкаларын ұсынды. Қыздар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін, өздерінің шығармашылық және аспаздық қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесінде "Наурыз аруы" атағын Д-11 тобының студенті Дауленбаева Даяна жеңіп алды.
Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
"Бірегейлік аруы" - Бобякова Ада, МХ-17 тобы
"Көз тартарлық аруы" - Нурушева Дана, Д-11 тобы
"Сән аруы" - Сыздыкова Сабина, Д-29 тобы
"Артистизм аруы" - Кәрібаева Камила, ТЭ-18 тобы
"Әсемділік аруы" - Байзакова Алия, МХ-26 тобы
"Нәзіктік аруы" - Калыкова Нурай, Д-11 тобы
Барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Байқау жеңімпазы Дәуленбаева Даяна сыйлық ретінде колледждің әлеуметтік серіктесі "Этуаль" сұлулық және эстетика үйінен сертификат алды.
Сонымен қатар, біздің қонағымыз,  қазылар алқасының мүшесі, фотограф және "Diamond" модельдік мектебінің оқытушысы Ольга Чемерис Сыздыкова Сабинаға фотосессияға сертификат табыс етті.

image