Отбасы күнін мерекелеу аясында колледж кітапханашысы О.О. Вундерлихпен "Менің отбасым-менің байлығым!" түрлі-түсті фотогалериясы дайындалды. Фотогалереяның негізгі мақсаты-колледж студенттерінің бойында отбасының жағымды бейнесін қалыптастыру.

Отбасы күнін мерекелеу аясында колледж кітапханашысы О.О. Вундерлихпен "Менің отбасым-менің байлығым!" түрлі-түсті фотогалериясы дайындалды. Фотогалереяның негізгі мақсаты-колледж студенттерінің бойында отбасының жағымды бейнесін қалыптастыру.

Қазақстандағы Отбасы күнін мерекелеуге орай ұйымдастырылған "Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі" челленджіне политехникалық жоғары колледж студенттері белсенді қатысады.

2024 жылдың 5-6 қыркүйегінде колледжде "Отбасы-адамзаттың бесігі" тақырыбы бойынша кураторлық сағат ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Қазақстанда отбасы күнін мерекелеу аясында өткізілді. Махаббатсыз бақытты отбасы жоқ, адалдықсыз шынайы махаббат жоқ. Осы қазақстандық отбасы күнінде әр үйге бақыт, амандық, өркендеу, өзара түсіністік, бейбітшілік, үйлесімділік пен сәттілік келсін. Балалардың күлкісі барлық жерде естілсін, қуанышқа толы жарқырап, денсаулық мықты болсын.
Отбасы - маңыздығы терең дәстүр. Өмірде жақын адамдардан, сүйікті және жаныңа қымбатты адамдардан маңызды ештеңе жоқ. Қазіргі заманда әлемнің өзгергіштігіне қарамастан әрдайым осындай құндылықтар жоғары болсын!

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар аясында біздің студенттер "Ана тілім-арым бұл!" республикалық челленджіне қатысты. Студенттер Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың тілдерінде тақпақтар айтты. Аталған челленджге қатыса отырып, біздің студент жастарымыз халықтар достығы бейбітшілік пен келісімнің басты факторы екенін тағы да растады.

Биылғы оқу жылындағы бірінші оқу аптасы студенттердің Қазақстан Республикасының әнұранын орындауынан басталды. Студенттер әнұранды салтанатты түрде орындап, сабақ оқуға кірісті. 2,3 және 4 курс студенттері үшін "Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс" тақырыбы бойынша кураторлық сағат ұйымдастырылды.
