Өзіңді мамандықтар әлемінен тап!

27 ақпанда "Квиз, плиз" ақпараттық-ойын-сауық ойыны "Өзіңді мамандықтар әлемінен тап"  тақырыбы бойынша өткізілді. Қатысушылар ретінде "Шаштараз өнері" мамандығының МХ-17 және МХ-26 топтары болды.
Ойын шығармашылық атмосферада өтті. Балалар сұлулық әлемінен қызықты фактілерді, шаш туралы мифтерді білді, сәнделген шаш үлгісін жасады, өлеңдер жазды, бір-біріне сұрақтар қойды және ребус ойлап тапты. Бұл форматта жаңа білім алу қызықты әрі оңай екенін атап өтті.

image   image