Ерлік сабағы

Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен Ауған соғысының ардагері, Павлодар қаласы Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы Ғалымжан Гаусильевич Шарапатовты шақыра отырып, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылуының 35 жылдығына орай ерлік сабағы өткізілді. Патриоттық іс-шара барысында Ауғанстандағы соғыс туралы деректі фильм көрсетіліп, студенттер сұрақтар қойды. Іс-шара соңында студенттер ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдіріп, естелік болатын фотоға түсті.

image    image    image