2024 жылдың 13 ақпанында І курс студенттері арасында "Менің қалам, сенің атауында тұрған не бар?" интеллектуалдық викторинасы ұйымдастырылды. Аталмыш шара "Оқуға құштар колледж" жобасын жүзеге асыру аясында өткізілді. Негізгі мақсаты- туған қаланың тарихын тереңірек зерттеуге ұмтылу үшін жағдай жасау, туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Викторина 3 кезеңнен тұрды.
1 кезең- бой сергіту. Әр командаға қала тарихы бөлімінен 5 сұрақ қойылды.
2 кезең- "Павлодар облысының ұлы тұлғалары". Әрбір командаға экраннан Павлодар облысының ұлы тұлғаларының портреттері көрсетілді. Студенттер көрсетілген портреттердегі тұлғаларды атау керек болды.
3 кезең - "Павлодардың көрікті жерлері". Мұнда пазлды жинау арқылы көрнекі жерлерді және оның орналасқан жерін атау керек болды.
Ойынға алты команда қатысты. Викторина қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: алғыс хаттарымен Д - 11 тобы - "Черная ольха" командасы, ГТМ-14 - "Ертіс" командасы және АТ-19 - "Север"командасы марапатталды.
Дипломдар табысталды: 1 орын - ТАУ-16 тобы - "Коряковский форпост" командасы, 2 орын - МХ-17 тобы - "Павлодарская минералка" командасы және 3 орын-ТЭ - 18 тобы - "Беркуты" командасы.
Жеңіспен құттықтаймыз және студенттерге туған өлкесінің тарихын зерттеуді жалғастыруға тілектеспіз!