"Саналы ұрпақ"слеті

2023 жылдың 22 желтоқсанында колледждің келесі студенттері Соколов Р. (ТАУ-25 тобы), Шевчук Д. (ТАУ- 25 тобы), Коловникова А.  (МХ- 44 тобы), Кожурина А. (МХ- 35 тобы), Юрина А. (МХ- 35 тобы), Дялова В. (ТЭ- 27 тобы), Ротманов И. (ТЭ- 27 тобы), Губерт Б. (ТЭ- 27 тобы), Аралбай Р. (АТ- 28 тобы) "Саналы ұрпақ" клубының слетіне қатысты. Бұл шараға Павлодар облысынан 14 студенттік команда қатысты. Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру -  аталмыш шарамен көзделген  басты мақсат. Слет екі байқаудан тұрды: клубтың таныстырылымы  және  "Жемқорлықсыз болашақ!" шығармашылық байқаудың презентациясы. Байқау нәтижелері бойынша біздің команда "Жемқорлыққа қарсы әдебиет" жобасының арқасында креативтілікпен көзге түсті. Команда мүшелері құнды сыйлықпен және сертификатпен марапатталды.

image  image