Экстремизм мен терроризм

Діни экстремизм мен терроризмді алдын-алу аясында 1 курс студенттерімен  Павлодар облысының дін істері жөніндегі басқарма қызметкерлерімен кездесу өтті. Аталған кездесу  ішкі саясат басқармасымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттерге жалған діни деструктивті ұйымдардың құрбаны болмау жолдары түсіндірілді.

WhatsApp Image 2024-05-10 at 14.18.16

Қаржы пирамидасын жою және олардың таралуын алдын-алу бойынша қолданылатын шаралар туралы

2024 жылдың 10 мамырында 1-2 курс студенттеріне "Қаржы пирамидасын жою және олардың таралуын алдын-алу бойынша қолданылатын шаралар туралы"  тақырыбына дәріс  ұйымдастырылды. Дәрісті Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі Бахтияр Жанатович  Темирболатов өткізді.

WhatsApp Image 2024-05-10 at 13.59.08 (1)

"Даңқ Аллеясы"

2024 жылдың 9 мамыр күні колледж студенттері Базан Михаил- ТАУ-25  тобы, Либих Илья, Ганиев Камиль,  Коваленко Никита- ТЭ-18 тобы Павлодар ауданында өткен  "Даңқ Аллеясы" патриоттық эко-науқанға қатысты. "Майдан жолы" Павлодар іздеу отряды "Подари земле сад" қорымен бірлесіп аталмыш шараны ұйымдастырды.  Науқанға қатысушылар Павлодар ауданының әкімі Николай Васильевич Дычконың қатысуымен ағаш көшеттерін егіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне ұйымдастырылған еске алу митингіне қатысты. Бұл шара жастардың ардагерлермен және қоғам қайраткерлерімен бейресми қарым-қатынасы үшін тамаша мүмкіндік қана болмай, сонымен қатар Павлодар аймағының  экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосу мүмкіндігіне қол жеткізу болды.

WhatsApp Image 2024-05-10 at 13.53.17

Таза Қазақстан

Бүкіл ел бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқаны  басталды.
13 сәуірге дейін созылған бірінші апта "Таза өлке" деп аталды. Апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалады.
20 сәуірге дейінгі апта "Киелі мекен" деп аталды. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын көріктендіру жұмыстарына арналды.
27 сәуірге дейінгі апта "Жасыл аймақ" тақырыбымен  ағаш көшеттерін отырғызумен, ағаштарды ақтаумен атап өтіледі.
4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталады. Бұл апта ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруды көздейді.
Соңғы, "Мөлдір бұлақ" деп аталатын бесінші аптада су қоймалары - өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
Колледжіміздің студенттері осы науқанға белсенді қатысады. Олар белгіленген аумақтарды мұқият тазалап,  өз кабинеттерінде жинастыру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2024-04-25 at 09.36.58  WhatsApp Image 2024-04-25 at 09.34.41  WhatsApp Image 2024-04-25 at 09.34.42

Ашық есіктер күні-2024!!!

24 сәуірде колледжде Ашық есік күні ұйымдастырылды. Қала мектептерінің 9 сынып оқушылары колледжге келіп, үгіт бригадасының студенттері оқушыларға колледждегі мамандықтарымыз туралы ақпарат берді, зертханалар мен шеберханаларға экскурсия өткізді. Соңында диалог алаңын өткізді, онда оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, ал біздің студенттер оларға қуана жауап беріп, түсініктеме берді. Қаламыздың оқушыларымен қызықты және тиімді кездесулер ұйымдастырған үгіт бригадасының студенттеріне алғысымызды білдіреміз!

WhatsApp Image 2024-04-25 at 15.38.59

Алаяқтық!

Колледжде құқықбұзушылықтың алдын алу және оларды студенттер арасында болдырмау аясында "Алаяқтық" тақырыбына тәрбие сағаты өткізілді. Шараның негізгі мақсаты:студенттерді алаяқтық әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілікке тартылатыны жөнінде айту, сондай-ақ алаяқтықтың құрбанына айналмау үшін не істеу керек екенін  ескерту. Студенттердің алдында колледж директоры В.Л.Якутов,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.В.Козлова және оқытушы Ж.Ю.Казакова сөз сөйледі.

image