Таза Қазақстан

Бүкіл ел бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық науқаны  басталды.
13 сәуірге дейін созылған бірінші апта "Таза өлке" деп аталды. Апта ішінде елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазалады.
20 сәуірге дейінгі апта "Киелі мекен" деп аталды. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын көріктендіру жұмыстарына арналды.
27 сәуірге дейінгі апта "Жасыл аймақ" тақырыбымен  ағаш көшеттерін отырғызумен, ағаштарды ақтаумен атап өтіледі.
4 мамырға дейінгі кезең "Өнегелі ұрпақ" деп аталады. Бұл апта ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруды көздейді.
Соңғы, "Мөлдір бұлақ" деп аталатын бесінші аптада су қоймалары - өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
Колледжіміздің студенттері осы науқанға белсенді қатысады. Олар белгіленген аумақтарды мұқият тазалап,  өз кабинеттерінде жинастыру жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2024-04-25 at 09.36.58  WhatsApp Image 2024-04-25 at 09.34.41  WhatsApp Image 2024-04-25 at 09.34.42