Профилактика күні

2024 жылдың 19 қарашасында 1-2 курс студенттерімен "Діни экстремизмнің алдын - алу" және "Алаяқтық" тақырыптарына дәріс өтті. Студенттер алдында Павлодар облысының дін істері басқармасының мамандары сөз сөйлеп, діни экстремизмнің құрбаны болмау туралы ақпарат берді.

WhatsApp Image 2024-11-19 at 13.05.52
Ары қарай студенттердің алдында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің аға жедел уәкілі, майор А.В.Дмитриев сөз сөйледі. Сөз сөйлеуде студенттерге алаяқтықтың кең таралған жолдары туралы түсіндірді, алаяқтар желісіне түспеу үшін балаларды өзін қалай ұстау керектігін ескертті, сондай-ақ студенттердің назарына бейнебаяндар ұсынды.

WhatsApp Image 2024-11-19 at 13.05.53 (1)
Дәріс соңында диалог алаңы өтті, студенттерге қоңырау шалып, өздерін қызықтыратын ақпаратты ала алатын байланыс телефон нөмірлері ұсынылды.

WhatsApp Image 2024-11-19 at 13.05.52 (1)

15 қараша күні колледжде 1 курс студенттерін студенттікке арнау шарасы ұйымдастырылды

15 қараша күні колледжде 1 курс студенттерін студенттікке арнау шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараны студенттік Парламенттің белсенділері дайындады. Іс-шара басында директордың міндетін атқарушы А.В.Якутова бірінші курс студенттерін құттықтап, салтанатты түрде студенттік билеттерді табыс етті. Іс-шара барысында музыкалық нөмірлер шырқалды, бірінші курс студенттері белсенді қатысқан күлкілі студенттік байқаулар өткізілді. Бұл шарада  "Қорқыныш бөлмесі" деп аталған дефиле ең жарқын көріністің бірі болды. Аталған бөлмеге  сессиядан өтпей қалған студенттер кіреді екен. Біз бірінші курс студенттерін тағы да құттықтаймыз және оларға жарқын студенттік өмір тілейміз!

WhatsApp Image 2024-11-19 at 13.06.22 WhatsApp Image 2024-11-19 at 13.06.22 (1) WhatsApp Image 2024-11-19 at 13.06.23

2024 жылдың 12 қарашасы күні Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде облыстың білім басқармасымен және қала колледждерінің басшыларымен бірлесіп дөңгелек үстел өтті.

2024 жылдың 12 қарашасы күні Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде облыстың білім басқармасымен және қала колледждерінің басшыларымен бірлесіп дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарының және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының сәйкестігі талқыланды.
Бұл сұрақтарды талқылауға колледж директорының м.а. Якутова Анна Валерьевна қатысты. 
Бұл ынтымақтастықтың арқасында біздің түлектерімізге қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарындағы ұқсас мамандықтарға түсуге мүмкіндік туады.

Баскетболдан колледж чемпионаты 3*3

Баскетболдан колледж чемпионаты 3*3 есебімен мәреге жетті. Турнирдің қола жүлдегерлері-ТЭ 28 тобы, екінші орында АТ-29 тобы. Турнир жеңімпаздары болып ТАУ-26 тобының командасы  алға шықты. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!!!.

Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары

12-13 қараша күні колледжде "Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары" тақырыбы бойынша кураторлық сағаттар ұйымдастырылды. Кураторлық сағаттың мақсаты - табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, студенттердің экологиялық ойлауын дамыту, қазіргі әлемдегі экологиялық проблемалардың негізгі бағыттарын ашу, нақты мысалдармен экологиялық апаттардың ауқымын көрсету, осы проблемаларды шешудің кейбір жолдарын көрсету болып табылады.

WhatsApp Image 2024-11-13 at 15.39.11 (1)

"SHEKER. Соңғы мүмкіндік"

12 қараша күні колледждің студенттік Парламент белсенділері "FESTIVAL CINEMA" кинотеатрында өткен қазақстандық "SHEKER. Соңғы мүмкіндік" атты фильмінің көрсетіліміне барды. Бұл фильмді көрсетудің негізгі мақсаты - нашақорлықтың алдын алу. Фильмнің бұл көрсетілімі Павлодардың студент жастарын "Біз нашақорлыққа қарсымыз!  Біз СӨС таңдаймыз! " ұранымен біріктірді.

WhatsApp Image 2024-11-12 at 12.10.37 (1)