Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар аясында біздің студенттер "Ана тілім-арым бұл!" республикалық челленджіне қатысты. Студенттер Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың тілдерінде тақпақтар айтты. Аталған челленджге қатыса отырып, біздің студент жастарымыз халықтар достығы бейбітшілік пен келісімнің басты факторы екенін тағы да растады.