2024 жылдың 1 қыркүйегінде Білім күніне орай салтанатты түрде жиын ұйымдастырылды. Директордың м.а. А.В.Якутова 1 курс студенттері мен олардың ата-аналарын құттықтап, оқу жылының табысты өтуін тіледі. Шараның соңында политехникалық жоғары колледжінің әнұраны орындалды. Содан соң студенттер өздерінің кураторларымен бірге аудиторияға барып "Студенттердің құқықтары мен міндеттері" тақырыбына алғашқы кураторлық сағатты тыңдады. Құрметті біздің бірінші курс студенттеріміз, оқуда табыс пен көздеген мақсатқа қол жеткізіңдер, қызықты студенттік өмірді кешіңдер!