Қуанышқа, ілтипат пен қамқорлыққа толы сәттер!

Снимок экрана 2025-12-09 143319  Снимок экрана 2025-12-09 143409  Снимок экрана 2025-12-09 143349  Снимок экрана 2025-12-09 143442

Бүгін МХ-46 тобының студенттері үшін ерекше күн болды!
Олар қарттарға арналған "Алтын Уақыт" пансионатына барып, оның тұрғындарға шаштарын жаңадан қиып, сонымен қатар қуаныш, көңіл мен қамқорлық сәттерін сыйлады‍♀️‍♂️.
Әрбір күлімсіреу, әрбір айтылған "рақмет" және көздегі шынайы жарқырау - бұл жұмыс пен жақсылықпен бөлісуге деген баға жетпес сыйақы
.
Біз үшін бұл жай ғана тәжірибе емес, адамгершілік пен аға ұрпаққа құрмет көрсетудің нағыз сабағы
❤️.
Назарға ұсынылған кадрлар кейде бақыт үшін адам тарапынан қарапайым әрекеттер жеткілікті, яғни шынайы әңгіме, жылы көзқарас және басқа адамға қамқорлық қажет екенін еске салады.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерімен кездесу

photo_5319200044592788631_y.jpg_compressed  photo_5319200044592788643_y.jpg_compressed  photo_5319200044592788640_y.jpg_compressed

"Қауіпсіздік апталығы" аясында бүгін біздің колледжде Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының қызметкерлерімен 1 курс студенттерінің кездесуі өтті.
Азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Б. Скаков балаларға өз мамандығы, төтенше жағдайлар кезінде қорғау тәсілдері жөнінде айтып, арнайы тыныс алу аппаратының жұмысын және қорғаныс киімінің элементтерін көрсетті.
Мұндай кездесулер студенттерге қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге және кез-келген төтенше жағдайларға дайын болуға көмектеседі.

"Экоквиз" қалалық байқауы, ППЖК – 3 орын!

Снимок экрана 2025-12-08 115019.png_compressed   Снимок экрана 2025-12-08 115054.png_compressed

Бүгін колледжіміздің 1 курс студенттері Павлодар студенттері арасында "Экоквиз" қалалық байқауына қатысып 3-ші орынды иеленді!
Студенттерді лайықты нәтижемен құттықтаймыз және белсенділік пен білім және командалық рух танытқандарың үшін алғыс айтамыз.
Осындай іс-шараларға қатысу әрқайсымыз үшін табиғатқа ұқыпты қарауға және экологияны сақтауға өз үлесімізді қосуға түрткі болсын!

Жаңа оқу жылының басталуына орай 2-4 курс студенттеріне арналған жиын

photo_5321339187414301079_y.jpg_compressed    photo_5321339187414301078_y.jpg_compressed    photo_5321339187414301077_y.jpg_compressed

2 қыркүйек күні 2-4 курс студенттері үшін оқу жылының басталуына және студенттік өмірдің маңызды тақырыптарына арналған "Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!" атты жиын мен сынып сағаттары өткізілді.

1 қыркүйек – “Білім күні. Бейбітшілік күні!”

Снимок экрана 2025-12-08 143954     Снимок экрана 2025-12-08 144019     Снимок экрана 2025-12-08 144656

1 қыркүйекте колледжде "Білім күні. Бейбітшілік күні!» біздің ортақ отбасымыздың бір бөлігі болған 1 курс студенттері мен олардың ата-аналары үшін дәстүрлі салтанатты жиын өткізілді. Жиыннан кейін "Конституция-қауіпсіздіктің кепілі. Студенттің ар-намыс кодексі" тақырыптық сағаттар өтті. Мереке атмосферасы барлығына жаңа оқу жылына қуат - күш сезімін сыйлады!

«Жастарды деструктивті мінез-құлық орбитасына тартудың алдын-алу»-семинары

2024 жылдың 26 қарашасы күні колледждің педагогикалық ұжымымен «Жастарды деструктивті мінез-құлық орбитасына тартудың алдын-алу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Семинарда практикалық психолог, психология магистрі, психология ғылымдарының кандидаты Бекетова Леся Аркадьевна сөз сөйледі. Аталған шарада қазіргі жастардың психологиялық проблемалары және олардан шығу жолдары талқыланды.

IMG_0633

PHOTO-2024-12-04-13-40-16PHOTO-2024-12-04-13-40-17

IMG_0669IMG_0670IMG_0672