Қ.Сәтбаев-қазақстан ғылымының атасы

Бүгін топтарда "Қ.Сәтбаев-қазақстан ғылымының атасы" тақырыбы бойынша кураторлық сағаттар өткізілді.  Бұл шара Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылған. Негізгі мақсат- студенттерді академиктің өмірімен және қызметімен таныстыру, ғылымның дамуына қосқан үлесін қарастыру. Кураторлық сағат барысында Қ.И.Сәтбаевтың қызметі туралы презентация тамашаланды.

image  image   image

"Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар" КТК жаңа жылдық фестивалі

2023 жылдың 27 желтоқсанында колледжде КТК жаңа жылдық фестивалі ұйымдастырылды. КТК-ға 4 команда қатысты: "Снегодяи" киповицтер құрама командасы, "Дамские угодники" шаштараздар командасы, "Снежные секьюрити" дизайнерлер командасы және "Неуловимые обостители" ГТМ құрама командасы. КТК үш сайыстан тұрды:
1.Визит карточкасы,                                                                

2. "Жаңа жылдық әзілдер"  - бой жазу,                                   

3. Үй тапсырмасы "Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар!".
Фестиваль қорытындысы бойынша "Үздік дебют" жеңімпазының дипломымен шаштараздар құрама командасы, "Үздік жаңа жылдық әзіл" номинациясы бойынша дипломмен киповицтер командасы, "Ең музыкалық команда" номинациясы бойынша дипломмен ГТМ құрамасы, "Үздік импровизаторлар" номинациясы бойынша дипломмен дизайнерлер құрама командасы марапатталды.

image  image

Аяз ата сыйлықтары!

20-26 желтоқсан аралығында біздің колледжде "Аяз ата сыйлықтары!" науқаны өтті. Студенттер өз күштерімен өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдайтын өңірлік орталығынан келген балаларға тәтті сыйлықтар жасады. Бүгін колледждің студенттік белсенділері Аяз Ата мен Ақшақар ретінде киініп балаларға осы сыйлықтарды береді. Бұндай игі шараның жалғасын білгілеріңіз келсе, келесі жаңалықтарымыздан күтіңіздер!

image   image   image

"Саналы ұрпақ"слеті

2023 жылдың 22 желтоқсанында колледждің келесі студенттері Соколов Р. (ТАУ-25 тобы), Шевчук Д. (ТАУ- 25 тобы), Коловникова А.  (МХ- 44 тобы), Кожурина А. (МХ- 35 тобы), Юрина А. (МХ- 35 тобы), Дялова В. (ТЭ- 27 тобы), Ротманов И. (ТЭ- 27 тобы), Губерт Б. (ТЭ- 27 тобы), Аралбай Р. (АТ- 28 тобы) "Саналы ұрпақ" клубының слетіне қатысты. Бұл шараға Павлодар облысынан 14 студенттік команда қатысты. Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру -  аталмыш шарамен көзделген  басты мақсат. Слет екі байқаудан тұрды: клубтың таныстырылымы  және  "Жемқорлықсыз болашақ!" шығармашылық байқаудың презентациясы. Байқау нәтижелері бойынша біздің команда "Жемқорлыққа қарсы әдебиет" жобасының арқасында креативтілікпен көзге түсті. Команда мүшелері құнды сыйлықпен және сертификатпен марапатталды.

image  image

ҚР Тәуелсіздік күні

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында, жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында АТ 19, ГТМ 14  топтарының студенттерімен спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша эстафета  өткізілді.  Білім алушылар жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай,  командада жұмыс істеу қабілеттерін тамашалатты.

image

IX слеті

2023 жылдың 1 желтоқсанында колледжде дәстүрлі түрде спортшылардың IX слеті ұйымдастырылды. Аталған іс-шара студенттерді, спорттық жарыстардың, облыстық және республикалық спартакиадалардың жеңімпаздарын құрметтеуге арналған. Салтанатты түрде спортшылар слетін колледж директоры В. Л. Якутов ашты. Директорымыз өзінің құттықтау-тілек білдіру сөзінің басында біздің оқытушыларымыз бен студенттерімізді «WorldSkills Kazakhstan-2023» республикалық кәсіби шеберлік чемпионатынан сәтті оралуымен құттықтады. Ол Ю. Н. Галузинаға, И.Карлинскаяға, В. В. Дричикке және К. Топчигречкоға алғыс хаттар табыстады.
Спортшылар слетіне құрметті қонақтар шақырылды: АОТДТО басшысы - Б.С. Тусупов және жеңіл атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, триатлоннан Павлодар облысы федерациясының президенті, ардагерлер арасындағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері-В. Н. Бондарь.
Слетке келген құрметті қонақтарымыз студенттерімізді кезекті жеңістерімен құттықтап, марапаттарды табыстауға қатысты.
Іс-шара соңында колледжіміздің студенттері мен спортшылары колледждің әнұранын салтанатты түрде орындап, естелікке қалатындай жалпы фотосурет түсірді. Осылайша, Павлодар политехникалық жоғары колледжінің 25 жылдығына арналған спортшылардың IX-ші слеті аяқталды.

image

   image