17 қараша күні политехникалық колледжде бірінші курс студенттеріне студентке арнау шарасы өткізілді. Аталмыш шараны колледждегі студенттік парламент белсенділері ұйымдастырды. Шараның басында колледж директоры В.Л.Якутов студенттерді құттықтап, студенттік билеттерді салтанатты түрде тапсырды. Жоғары курс студенттері қызықты студенттік нөмірлер мен музыкалық әуендерді, байқауларды дайындады. Ары қарай бірінші курс студенттері өз мамандықтары туралы көркем қойылымдарды ұсынды. Шараның аяғында колледж гимні орындалды. Бірінші курс студенттерін Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенттік өміріне қосылуымен құттықтаймыз.