"Колледждегі студенттердің мінез-құлық ережелері"!

2024 жылдың 10 қыркүйегінде 1 курс студенттерімен "Колледждегі студенттердің мінез-құлық ережелері" тақырыбына профилактикалық мақсатта әңгімелесу өтті.  Сонымен қоса, студенттер Колледж жарғысымен танысты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Татьяна Владимировна Козлова барлық қатысушыларды колледждің тәрбие процесін реттейтін бұйрықтармен, ал директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Матвиенко Ирина Владимировна бірінші курс студенттерін оқу процесін ұйымдастырумен таныстырды. Әңгіме соңында студенттер сұрақтар қойып, оларға толық түсініктеме алды. Бірінші курс студенттеріне жарқын студенттік өмір мен оқудың табысты болуын тілейміз!

WhatsApp Image 2024-09-10 at 13.52.54 WhatsApp Image 2024-09-10 at 13.52.54 (1) WhatsApp Image 2024-09-10 at 13.52.54 (2) WhatsApp Image 2024-09-10 at 13.52.54 (3)