Мұғалімдер күні қарсаңында колледж студенттері қадірлі мамандық-Педагог мерекесін тойлауға арналған республикалық челленджге белсенді қатысты.

Мұғалімдер күні қарсаңында колледж студенттері қадірлі мамандық-Педагог мерекесін тойлауға арналған республикалық челленджге белсенді қатысты.

"Бастау Fest" балалар-жасөсіпірімдер шығармашылығы фестивалінің аясында 2 курс студенті Назаров Назар "Прогрессив-FOLK" (кез -келген аспапта ойнау) байқауына қатысты. Аталмыш байқауда облыстағы колледждердің студенттері де бақтарын сынап көрді. Барлығы 24 қатысушы болды. Байқау нәтижесі бойынша Назар 3-ші орынға ие болып, дипломмен марапатталды. Назарды жеңіспен құттықтаймыз!!

Елімізді мазаландыратын қазіргі заманымыздағы әлеуметтік мәселелердің бірі - діни экстремизмнің көрінісі. Өткен аптада "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкімімен ұйымдастырылған "Ғаламтордағы діни экстремизмнің алдын алу" КВИЗ түріндегі онлайн ойынға қатысты. Закроева Анастасия, Кискина Наталья, Абылгазинова Назира, Букач Арина (команда капитаны) ерекше белсенділік танытты. Командаға Резниченко Аня, Студеникина Анастасия, Прикуп Александра және Машур Ирина қолдау көрсетті. Жылдам және дәл жауаптардың арқасында қатысушы қыздар барлық тапсырмаларды жақсы орындап, жағымды эмоцияларды алды және өз білімдерін тексерді. Қыздар, бұл ойынға бей-жай қарамай, ұйымшылдықтарыңды көрсетіп, пікірталас қабілеттерің мен белсенді азаматтық ұстанымдарың үшін рақмет. Клуб жетекшісі: Казакова Ж. Ю.

21 қыркүйек күні колледжде бірінші курс студенттерінің "Тәрбие алаңы"жобалық кеңсесінің психологы-В.Ю.Бахтинамен, сондай - ақ "Антарес" ҚҚ өкілі Р. А. Кайсагалиевпен кездесуі ұйымдастырылды. Студенттерге буллинг дегеніміз не және оның салдары қандай болуы мүмкін екендігі түсіндірілді. Соңында Валентина Юрьевна барлық қатысушыларға, егер проблемалар болса, олар оған 87777625158 телефон нөмірі бойынша жүгіне алатынын немесе К.Катаев атындағы оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесіне баруды ұсынды.

Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенттері Қазақстан халқы тілдері күніне арналған "Туған тілім – бабам тілі – өз тілім" челленджіне белсенді қатысады.
Бүгін барлық оқу орындарында жаңа оқу жылы басталды. Біздің политехникалық колледжіміз үшін биылғы оқу жылы- мерейтой жылы. Колледж 1998 жылдың 1 қыркүйегінде талапкерлер үшін өз есігін ашып, 25 жыл бойы жоғары білікті мамандар даярлауда. Барлық оқытушылар мен студенттерді мерейтойлық білім күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор табыстар мен колледждің ары қарай өркендеуін тілейміз! Жаңа оқу жылы құтты болсын!
