Республика күні

2023 жылғы 18 қазанда  1-курста оқитын АТ-19 тобында Қазақстан Республикасы күніне арналған кураторлық сағат өтті. Негізгі мақсат-отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу. Кураторлық сағат мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Әрі қарай куратор Гришина Анастасия Игоревна Отанымыздың тарихы беттеріне экскурсия өткізді. Студенттер үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткен викторинаға белсенді қатысты. Кураторлық сағат аяқталғаннан кейін зияткерлік турнир өткізілді, онда "республика" деген сөзден студенттер "Патриотизм"тақырыбында сөз құрастыруы тиіс болды.

image   image