2023 жылғы 5 қазанда Павлодар политехникалық колледжіне 25 жыл толды.
Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қадырова Самал Қанатқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол колледжді Қазақстан Республикасының ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұжымға жолдаған Алғыс хатпен марапаттады.
Мерейтойлық күнге арналған салтанатты іс-шараға қатысушылар, "Қазақстан алюминийі" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, "ERG-сервис" ЖШС, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы колледж түлектері туралы, оның қабырғасынан кәсіби білімі мен дағдыларға ие жоғары дәрежелі мамандар болып шығатын кадрларды даярлау туралы жылы лебіздерін білдірді. Колледж түлектеріне жауапкершілік пен кәсіпқойлық қасиеттері сіңген. Олар бастамашыл бола тұра, өздеріне және басқаларға талапшыл, кәсіби қызметте және мансаптық өсуде тез жетістікке жетеді. 25 жыл ішінде 5000 мыңнан астам маман даярланды, олардың көпшілігі біздің өңірдегі ірі кәсіпорындардың өндірістік бөлімдерін, қызметтерін, цехтарын, учаскелерін басқарады.
Мереке қонақтары үшін колледж директоры Якутов Валерий Леонович экскурсия өткізді, ERG тобымен колледжді дамытуға бөлінетін қаражат есебінен сатып алынған заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу шеберханалары мен зертханаларын көрсетті.
Оқу орнының үздік оқытушылары мен қызметкерлері салтанатты түрде Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.