Республика күні

2023 жылғы 18 қазанда  1-курста оқитын АТ-19 тобында Қазақстан Республикасы күніне арналған кураторлық сағат өтті. Негізгі мақсат-отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу. Кураторлық сағат мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Әрі қарай куратор Гришина Анастасия Игоревна Отанымыздың тарихы беттеріне экскурсия өткізді. Студенттер үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткен викторинаға белсенді қатысты. Кураторлық сағат аяқталғаннан кейін зияткерлік турнир өткізілді, онда "республика" деген сөзден студенттер "Патриотизм"тақырыбында сөз құрастыруы тиіс болды.

image   image

Назар аұдараныздар!!!!

image

Дубль күні

Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында  6 қазанда колледжімізде дубль күні ұйымдастырылды. Бұл күнді колледждің студенттік Парламент құрамына кіретін студенттер ұйымдастырды. Балалар сабақтарды қызығушылықпен өткізді, әкімшіліктің дублерлері белсенді жұмыс істеді.

image   image

Бізге 25 - жыл, тарихымыз жалғасуда!

2023 жылғы 5 қазанда Павлодар политехникалық колледжіне 25 жыл толды.

Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қадырова Самал Қанатқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол колледжді Қазақстан Республикасының ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұжымға жолдаған Алғыс хатпен марапаттады.

Мерейтойлық күнге арналған салтанатты іс-шараға қатысушылар, "Қазақстан алюминийі" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, "ERG-сервис" ЖШС, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы колледж түлектері туралы, оның қабырғасынан кәсіби білімі мен дағдыларға ие жоғары дәрежелі мамандар болып шығатын кадрларды даярлау туралы жылы лебіздерін білдірді. Колледж түлектеріне жауапкершілік пен кәсіпқойлық қасиеттері сіңген. Олар бастамашыл бола тұра, өздеріне және басқаларға талапшыл, кәсіби қызметте және мансаптық өсуде тез жетістікке жетеді. 25 жыл ішінде 5000 мыңнан астам маман даярланды, олардың көпшілігі біздің өңірдегі ірі кәсіпорындардың өндірістік бөлімдерін, қызметтерін, цехтарын, учаскелерін басқарады.

Мереке қонақтары үшін колледж директоры Якутов Валерий Леонович экскурсия өткізді, ERG тобымен колледжді дамытуға бөлінетін қаражат есебінен сатып алынған заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу шеберханалары мен зертханаларын көрсетті.

Оқу орнының үздік оқытушылары мен қызметкерлері салтанатты түрде Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

image  image   image

Кросс

Павлодар политехникалық жоғары колледжіне - 25 жыл!
Осы атаулы күннің құрметіне 80-нен астам колледж студенттері қатысқан күзгі кросс жарыстары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаттары салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жаппай тарту болды.
Қыздар арасында Виктория Коновальцева, Ева Лозовская және Анель Аюпова жүлдегер атанды. Бозбалалар арасындағы жарыста Ақылжанұлы Әділжан, Демура Ярослав және Александр Черней ерекшеленді.
Командалық есепте қыздар арасында Д 11 және ұлдар арасында ТТ 29-11 топтары жеңімпаз атанды. Жарыстың жүлдегерлері атанған Д 29, МХ 17, АТ 28 және ТАУ 25 топтарының студенттері де жақсы нәтиже көрсетті.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз, сондай-ақ жарыстың барлық қатысушылары мен жолдастарын қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамыз.

image   image  image

Виктория Коновальцева

Д-11 тобының студенті Виктория Коновальцева Павлодар облысы құрама командасының құрамында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Виканы жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі спорттық жетістіктер тілейміз!

image