
24-ші облыстық Спартакиада аясында I лига колледждері арасында шаңғы жарысы бойынша жарыстар өткізілді. Жарыс Павлодар қаласындағы "Ертіс" шаңғы базасында өтті.
Спорттық іс-шараға облыс колледждерінің командалары қатысып, жоғары дайындық деңгейін, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.
Колледжіміздің қоржынына 2 алтын түсті! Д - 31 тобының студенті Виктория Коновальцева қыздар арасында жеке есепте жеңімпаз атанды.
Петров Илья (АТ-21 тобы), Касымов Хасан (ТЭ-38 тобы), Токсамбаев Амир (ТЭ-38 тобы) және Омаров Петр (АТ-12 тобы) құрамындағы жасөспірімдер командасы да тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.
Біздің команданы және олардың жаттықтырушысы Андрей Вячеславович Медведевті жоғары көрсеткіштер көрсетуімен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!




