
Наурызнама онкүндігін мерекелеу аясында Н.Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің қызметкерлері Политехникалық колледж студенттері үшін “Шаңырақ күні” тақырыбында дәріс-әңгіме ұйымдастырды.
Музей қызметкерлері “Шаңырақ” тек үйдің бір бөлігі емес, бірліктің және отбасы құндылығының ең көне нышаны екенін атап өтті. Бұл күні отбасы құндылығын нығайтуға, ата-дәстүрімізді құрметтеуге аса мән беріледі.




