
22 желтоқсан күні колледжде ұжыммен жиналыс өтті. Жиналыс аясында "Білім беру ұйымының қызметкерлеріне, педагогтеріне, білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қарулы шабуыл" тақырыбы бойынша кезектен тыс нұсқама өткізілді. Іс-шара қызметкерлердің қауіпсіздік деңгейін және төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ тәуекел тобындағы білім алушыларды уақтылы анықтау мақсатында колледж психологы оқытушылар құрамы үшін
"Студенттерді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" атты тренинг-семинарын өткізді. Кездесу барысында білім алушыларды қолдау және қолайлы білім беру ортасын құру мәселелері қаралды.