
Павлодар политехникалық жоғары колледжінің студенттері "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» Жаһандық науқанына белсенді қатысуда.
27 қараша күні колледжде "Қызғылт сары күн" (Orange Day) атты іс-шара өтті. Қызғылт сары түс -зорлық-зомбылықпен күресудің белгісі.
Гендерлік зорлық-зомбылық үнсіздіктен басталады. Бұл әділетсіздікті тамырынан шауып, жоқ қылдырайық!
Зорлық-зомбылыққа қарсы берілген әрбір дауыс - қауіпсіздікке қадам!