1-3 курс студенттерінің ата-аналарына арналған жалпы колледждік ата-аналар жиналысы

WhatsApp Image 2026-02-20 at 13.40.11

14 ақпан күні колледжде "Студенттер арасындағы үлгерім, тәртіп және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріндегі отбасы мен колледждің өзара әрекеті" тақырыбы бойынша 1-3 курс ата-аналарына арналған жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.

Кездесу барысында білім беру және тәрбие процесінің өзекті мәселелері қаралды:

2025-2026 оқу жылының 1 семестр бойынша қорытындысы – Борзых А.О.

2025-2026 оқу жылының практика қорытындысы-Губин Н.Е.

Студенттердің қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқатына ерекше назар аударылады:

Буллинг және жыныстық қол сұғылмаушылық - колледж психологы Жунусова С.Д.

Психоактивті заттардың алдын алу (БАЗ): ата – аналарға не білу маңызды - Павлодар облысы психологиялық денсаулық орталығының психологы Сербина А.А.

Топ кураторлары пәнге және сабаққа қатысуға талдау жүргізді, студенттердің жауапкершілігін арттыру және ата-аналармен өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды талқылады.

Жиналыс барысында отбасы мен колледждің оқуға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырудағы, тәртіпті сақтаудағы және құқық бұзушылықтың алдын алудағы бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

Біздің студенттердің жетістіктері мен қауіпсіздігіне белсенді қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін ата-аналарға алғыс айтамыз!