
"Заң және тәртіп" – айлығы аясында колледж әкімшілігі учаскелік инспектормен бірлесіп колледжішілік есепте тұрған студенттерді бақылау мақсатында профилактикалық рейдтер өткізді.
Іс — шаралардың негізгі міндеті-құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушылар арасында құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен мінез-құлық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету.
Мұндай бірлескен іс-шаралар тәртіпті нығайтуға, заңсыз әрекеттердің алдын алуға және қолайлы білім беру ортасын құруға ықпал етеді.