
МХ -28 тобының студенттері күндізгі жеңіл бейнеден кешкі жарқын бейнеге дейін толық бейнені жасаудың кәсіби құпияларымен танысты.
Павлодардың топ-стилисттері өз тәжірибелерімен бөлісті:
Кейль Дарья-шашты сәндеу шебері және колледжіміздің түлегі.
Ксения Самойлова- кешкі макияж визажисті және сарапшы.
Студенттер нағыз стилисттер командасының қалай жұмыс істейтінін көріп, жаңа техникалармен танысып, шығармашылық атмосферасынан шабыт алды.
Соңында әрбір қатысушы атаулы сертификат алды - армандаған мамандыққа шағын болса да, бірақ маңызды қадам.
Дарья мен Ксения, біздің студенттерге жарқын, жылы және өте әдемі күн сыйлағандарыңа рақмет!