"Бірліктегі көптүрлілік"

WhatsApp Image 2026-02-19 at 14.40.18  WhatsApp Image 2026-02-19 at 14.40.17  WhatsApp Image 2026-02-19 at 14.40.20

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Павлодар облысының "Беларусь" этномәдени бірлестігінің 25 жылдығын атауда  15 ақпан күні Достық үйінде 2025 жылғы мерейтойлық жыл қорытындысы бойынша "Беларусь" ЭКО активінің "Бірліктегі көптүрлілік" атты ұранымен кездесуі өтті.

Іс-шарада әріптестеріміздің елеулі еңбегі атап өтілді:
Колледж директоры Якутов Валерий Леонович Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Сейдумановтың ҚХА және "Беларусь" ЭКО қызметіне белсенді қатысқаны, аймақтағы бейбітшілікті, этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ тарихи-мәдени мұра мен  ұлы даланың рухани құндылықтарын сақтау және ілгерілетуге қосқан зор үлесі үшін Алғыс хатымен марапатталды.

Колледж басшысы Якутова Анна Валерьевна Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Маликовадан этносаралық келісімді нығайтуға, өңірдің бірлігіне және жастар арасында мәдени дәстүрлерді насихаттауға бағытталған Павлодар облысының ҚХА қызметіне белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатты иеленді.
Якутовтар отбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының және мәдени бірлестіктің тұрақты мүшелері болып табылады, достықты, өзара түсіністікті дамытуға және мәдени мұраны сақтауға өз үлесін қосады.
Осындай кездесулер мен бірлескен жобалар жастарды игі істерге шабыттандырып, біздің өңіріміздің алуан түрлілігінің бірлігінде жүректерді біріктіре берсін!