28 қазанда колледждің акт залында біздің басшымыз-Якутов Валерий Леоновичтің 70 жылдық мерейтойына арналған " Менің жылдарым-менің байлығым!» атты шарасы өтті.
Валерий Леонович өзінің еңбек жолында көп жетістікке қол жеткізді. Оның өмірінде мансаптағы жетістіктер де, еңбек жетістіктері де болды! Ол әрқашан өз ісіне адал адам. Валерий Леонович колледждің дамуына, Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген ұжымға зор үлесін қосады және өзін республикалық деңгейде жариялаған кәсіпқойлардың бірі.
Аталған іс- шараға Павлодар облысы білім басқармасының өкілдері - ТжКБ бөлімінің бас маманы Қаржаубай Дархан Серікұлы, колледж директорлары, біздің әлеуметтік әріптестеріміз шақырылды:
- "Қазақстан алюминийі" АҚ жоба менеджері Мухтаров Арман Сарыбаевич;
- "Қазақстан алюминийі" АҚ таланттарды дамыту жөніндегі сарапшы Кабыкен Динара Нұрболатқызы;
- "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ таланттарды дамыту бойынша сарапшы Ротанова Оксана Петровна;
- "ERG-Service" ЖШС механикалық цех бастығы Мусабаев Асылбек Жармагамбетович;"
- ERG-Service" ЖШС таланттарды дамыту бойынша сарапшы Целищева Юлия Сергеевна;
- ERG жастар лигасының жетекшісі Гнедаш Александра Евгеньевна.
Павлодар облысы Қазақстан халықтары ассамблеясының "Беларусь" мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Богнат Любовь Ивановнаның жетекшілігімен "Беларусь" мәдени орталығының құттықтау сөздері керемет болды.
Іс-шара барысында Валерий Леоновичке музыкалық нөмірлер, жылы лебізді құттықтаулар мен тілектер айтылды.
Іс-шара соңында Валерий Леонович қатысушылардың барлығына оның атына айтылған құттықтау сөздері мен керемет тілектері үшін алғысын білдірді.
Менің жылдарым-менің байлығым!
31 рет қаралды