Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерімен кездесу

photo_5319200044592788631_y.jpg_compressed  photo_5319200044592788643_y.jpg_compressed  photo_5319200044592788640_y.jpg_compressed

"Қауіпсіздік апталығы" аясында бүгін біздің колледжде Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының қызметкерлерімен 1 курс студенттерінің кездесуі өтті.
Азаматтық қорғау аға лейтенанты А.Б. Скаков балаларға өз мамандығы, төтенше жағдайлар кезінде қорғау тәсілдері жөнінде айтып, арнайы тыныс алу аппаратының жұмысын және қорғаныс киімінің элементтерін көрсетті.
Мұндай кездесулер студенттерге қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінуге және кез-келген төтенше жағдайларға дайын болуға көмектеседі.