Құқықтық сағат

           Құқық бұзушылықтың алдын алу аясында 2023 жылғы 14 сәуірде Павлодар политехникалық жоғары колледжінде құқықтық сағат ұйымдастырылды. 1 курс студенттерінің алдында Павлодар қаласы ПБ ОПБ ЮПТ аға инспекторы сөз сөйледі.

           Полиция майоры Рахимгожина Гаухар Нурланбековна, полиция капитаны Қасымова Рада Олеговна, полиция аға лейтенанты Мукарамова Нурай Мейрамбековна келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: ғаламтор (интернет)-алаяқтық және бопсалау, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, сабақты себепсіз үнемі босату және сабаққа кешігіп келу, сыртқы түрі, қоғамдық орындарда нормативтік емес лексиканы қолдану. Кездесу соңында студенттер Павлодар қаласы ПБ ОПБ ЮПТ  қызметкерлеріне өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

IMG-20230414-WA0098  IMG-20230414-WA0100  IMG-20230414-WA0101