Құқықтық сағат

           Құқық бұзушылықтың алдын алу аясында 2023 жылғы 14 сәуірде Павлодар политехникалық жоғары колледжінде құқықтық сағат ұйымдастырылды. 1 курс студенттерінің алдында Павлодар қаласы ПБ ОПБ ЮПТ аға инспекторы сөз сөйледі.

           Полиция майоры Рахимгожина Гаухар Нурланбековна, полиция капитаны Қасымова Рада Олеговна, полиция аға лейтенанты Мукарамова Нурай Мейрамбековна келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді: ғаламтор (интернет)-алаяқтық және бопсалау, қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері, сабақты себепсіз үнемі босату және сабаққа кешігіп келу, сыртқы түрі, қоғамдық орындарда нормативтік емес лексиканы қолдану. Кездесу соңында студенттер Павлодар қаласы ПБ ОПБ ЮПТ  қызметкерлеріне өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

IMG-20230414-WA0098  IMG-20230414-WA0100  IMG-20230414-WA0101

Жазғы көп сайыс бойынша колледждер арасында облыстық спартакиада

2023 жылдың 13 сәуірінде жазғы көп сайыс бойынша колледждер арасында облыстық спартакиада өтті. Спартакиада нәтижелері бойынша біздің бойжеткендер 2 орынға, ал бозбалалар 3 орынға ие болды. Студенттерімізді  жеңіспен құттықтаймыз! Тек қана алға!!!

  IMG-20230413-WA0058[2]  IMG-20230413-WA0061[3]IMG-20230413-WA0064[2][3]

С.Торайғыров атындағы ПМУ-де "XXIII Сәтбаев оқулары" атты Халықаралық ғылыми конференциясы

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні С.Торайғыров атындағы ПМУ-де "XXIII Сәтбаев оқулары" атты Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Аталған конференцияның жұмысына ғалымдар, жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, мектеп мұғалімдері, докторанттар, магистранттар, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, яғни, ғылыми зерттеулермен айналысатын жандар қатысты. Біздің колледжіміздің атынан "Энергетика. Энергетиканың дамуы" секциясының жұмысына студент Р.Абдрахманов (АТ 27 тобы) «Электромобильдерге арналған электр қозғалтқыштарын қолдану» баяндамасымен қатысып, бірінші орынға ие болды.

Р.Абрахмановтың баяндамасы техника және технология магистрі, арнайы пәндер оқытушысы А.А.Кусайыновтың басшылығымен дайындалды.

image    image

Информатика және ақпараттық технологиялар апталығы

06.04.2023 жылы Информатика және ақпараттық технологиялар апталығы аясында колледжде бірінші курс студенттеріне арналған информатика пәнінен Олимпиада өткізілді. Олимпиада тапсырмаларын біздің оқытушылар Разумова-Шутка И. А. және Нурбекова Қ. К. әзірледі. Тапсырмалар көп деңгейлі форматта болды, Информатика пәні бойынша білімдерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ логикалық ойлауын көрсету қажет болды.

Олимпиада нәтижелері бойынша:

Жеңімпаз Никита Козаченок болды (гр.Д-19)

2 орын-Черныш Максим (гр.Д-19) және Шевчук Данил (гр.ТАУ-15)

3 орын-Ивашков Алексей (гр.ГТМ-13) және Кочкарев Глеб (гр. ТАУ-15)

Қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды: Аленов Ернар (гр.ТЭ-17) және Сериков Никита (гр.ТЭ-17)

Барлық қатысушылар грамоталармен, тәтті сыйлықтармен және қосымша ұпайларға сертификаттармен марапатталды

Балаларды құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!

image

2023 жылдың Үздік кураторы

"2023 жылдың Үздік кураторы" байқауының бірінші кезеңі бойынша  нәтижелер шығарылды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша келесі кураторлар үздік атанды және финалға өтті:

Яковлева И. А

Галузина Ю. Н

Разумова-Шутка И. А

Богужа Е. С

Матвиенко И. В

Казакова Ж.Ю.

Құрметті әріптестер, сіздерді тағы да құттықтаймыз және байқау финалында жеңіске жетуді тілейміз! Байқаудың финалы 2023 жылдың 28 сәуірінде колледждің акт залында өтеді.

Колледж кураторлары мен әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

  image

Ғылым қызметкерлері күні

Қазақстанда 12 сәуір күні ғылыми орта өкілдері өздерінің кәсіби мерекесі - Ғылым қызметкерлері күнін атап өтеді. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен бекітілген.

Мереке күні кездейсоқ таңдалмаған. 12 сәуір Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен байланысты. Бұл күн 1946 жылы басқаруға алған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті – академик Қ.И.Сәтбаевқа қатысты. Қ.И.Сәтбаев бүкіл өмірін ғылымға және оны туған Республикасында дамытуға арнады. Оның туған күніне орай Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу орайластырылды.

Колледжде Ғылым күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының ғылыми қайраткерлері туралы көрме ұйымдастырылды. Топ кураторларымен кураторлық сағаттар өткізілді.

image image image image