2022 жылғы 28 желтоқсанда студенттік парламент фракцияларының жетекшілерімен " 2023 жылды қарсы алайық!» жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларды колледж директоры В. Л Якутов құттықтап, алдағы 2023 жылы студенттер мен ұжым мүшедеріне зор денсаулық, оқуда табыс және колледждің әрі қарай өркендеуін тіледі. Жаңа жылдық бағдарлама барысында жаңа жылдық әндер шырқалып, көңілді конкурстар, көріністер өткізілді. Аяз ата мен Ақшақар өз құттықтауларын айтты.