Кәмелетке толмағандар арасында алкогольді ішудің алдын алу

2023 жылғы 20 ақпанда Павлодар политехникалық колледжінде Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Анна Александровна Куликова студенттермен "Кәмелетке толмағандар арасында алкогольді ішудің алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді. Осы жиын барысында 1-2 курстың 67 студенті қамтылды.

image

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту

2023 жылғы 17 ақпанда Павлодар политехникалық жоғары колледжінде 1 курс студенттерінің алдында Павлодар облысы бойынша ҚСжАЕК басқармасының аға прокуроры А.А.Тұрсынбеков "ҚСжАЕК ақпараттық жүйелері" тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Сөз сөйлегеннен кейін студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

image

С.Торайғыровтың 130 жылдығына арналған челлендж

2023 жылғы 17 ақпанда Павлодар политехникалық колледжінде "Оқырман колледж" жобасын іске асыру аясында С.Торайғыровтың 130 жылдығына арналған челлендж басталды. Эстафетаны ТАУ-15 тобының студенттері ашып, ГТМ-13 тобына тапсырды.

image

Ең оқырман топ!

«Оқырман колледж» жобасын іске асыру аясында «Ең оқырман топ» байқауы ұйымдастырылды. Байқау 1 курс студенттері арасында викторина түрінде ақпан айының 7-16 аралығында өтті. Викторина нәтижелері бойынша ең оқырман топ ретінде ТАУ-15 тобы танылса, екінші орынды Д- 16 тобы, үшінші орынды МХ-16 тобы иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

image

15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні

Политехникалық жоғары колледж студенттері 2023 жылғы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 34 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға белсенді қатысты. Сондай-ақ, колледж топтарында интернационалист жауынгерлерді еске алуға арналған кураторлық сағаттар өтті.

image   image

Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу

Құқықтық жалпыға бірдей оқыту аясында ата-аналармен жұмыс жүзеге асырылады: ағымдағы жылдың 14-16 ақпаннан бастап колледж әкімшілігі "Құқық бұзушылықтың алдын алу", "Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу" тақырыптары бойынша ата-аналар дәрістерін өткізді.

image