ППЖК ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

БЕКІТЕМІН

ППЖК директоры

_____________В.Л.Якутов

«22» ақпан 2021 ж.

 

«Павлодар политехникалық жоғары колледжі» ЖШС

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді және білім беру саласында тыйым салу, шектеу және рұқсат беру жүйесін ұсынады.

2. Әзірлеуші "Павлодар политехникалық жоғары колледжі" ЖШС болып табылады.

3. Білім беру саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-қимыл) қағидалары

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

1) ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік актілерді, орталық атқарушы органдар басшыларының бұйрықтарын, сондай-ақ колледж Жарғысын басшылыққа алу

2) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндетті.

3) Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.

4) Өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға міндетті.

5) Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға міндетті.

6) Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға міндетті.

7) Шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті.

3.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:

1) Қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысының, жеке мүдделіліктің туындағаны туралы, Сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа жақын болу және сыйлықтар алуға көндіру туралы тікелей басшыға баяндауға міндетті.

2) Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмауға міндетті

3) Әділ қызметтік шешім қабылдауға ықпал етуі мүмкін өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініштермен әріптестері мен басшыларына жүгінуден аулақ жүруге міндетті.

4) Әріптестерге, басшыларға және басқа да лауазымды тұлғаларға мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін лауазымдық өкілеттіктерді пайдалана отырып, қызметтік емес қызметтер көрсетуге сыйлықтар бермеуге міндетті.

5) Басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге және ынталандырмауға міндетті.

6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділік таныту.

7) Белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері, сондай-ақ материалдарды тездетіп қарағаны немесе әуре-сарсаңға салғаны үшін қандай да бір пайда алуға бейімділігі туралы басшылыққа дереу баяндауға міндетті.

8) Егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса, жоғары тұрған басшыға жүгінуге құқығы бар.

9) Әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап ету және қолдау.

10) Ықтимал мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туындауының себептері мен жағдайларын және олардың салдарларын жою бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауға міндетті.

3.3. Басшының қызметкерлерін және мекеменің лауазымды тұлғаларына іріктеу және орналастыру бойынша кадрлық жұмысты ұйымдастыру кезінде төмендегілер ұсынылады:

1) Тағайындау материалдарын қараудың белгіленген мерзімдерін сақтауға міндетті.

2) Жұмысқа қабылдау кезінде лауазымды тұлғаларға жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдар мен шектеулерді түсіндіруге міндетті.

3) Кадрларды іріктеу кезінде ҚР заңнамасының талаптарын сақтау.

4) Қызметкерлердің дербес деректерін негізсіз беруге жол бермеуге міндетті.

5) Мекемеге жұмысқа орналасу кезінде үміткерлерден еңбек шартын жасасуға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеуге міндетті.

6) Мекеме қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруді әділ және жан-жақты жүргізуге міндетті.

3.4. Бағынышты қызметкерлерге қатысты басшыға ұсынылады

1) Өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, адалдықтың және сатылмаушылықтың үлгісі болуға тиіс.

2) Бағыныштылардың қызмет нәтижелерін бағалау кезінде, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға міндетті.

3) Қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға міндетті.

4) Құқыққа қарсы әрекеттерді, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сай келмейтін әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге тиіс.

5) Қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермеу.

6) Нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттерінен тыс, сондай-ақ заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге міндетті.

3.5. Басшыларымен қарым-қатынаста бағыныштыларға ұсынылады

1) Тапсырмаларды орындау кезінде тек объективті және анық мәліметтер беруге, басқа да қызметкерлер әрекеттерінде өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық жағдайлары туралы басшылықты дереу хабардар етуге міндетті.

2) Басшылыққа қатысты жеке берілгендікке, олардың лауазымдық мүмкіндіктері есебінен пайда мен артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге міндетті.

3.6. Педагогикалық қызметкерлердің білім алушылармен және мекеменің басқа қызметкерлерімен қарым-қатынасы кезінде ұсынылады:

1) Сөйлеу мәдениетін сақтауға, балалардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің), басқа да бөгде адамдардың қатысуымен ұрысуға, күш қолдануға жол бермеуге міндетті.

2) Осы жұмысты жалғастырумен сай келмейтін өнегесіз әрекеттер жасамауға міндетті.

3) Балалардың өз ата-аналары мен ата - аналардың балалар туралы айтқан пікірлерін жария етпеуге міндетті.

4) Педагог қызметкерлердің білім алушылармен қарым-қатынасына және олардың бағасына олардың ата-аналарының жеке өзіне не мекемеге көрсететін қолдауы әсер етпеуі тиіс.

5) Үлгерімнің жоғары бағасын алуға әсер ететін білім алушылардан жеке мүліктік пайда, игіліктер сатып алу бойынша іс-әрекеттер жасамауға міндетті.

6) Білім алушылар мен ата-аналардан (заңды өкілдерден) кез келген сылтаумен ақшалай қаражат жинауды жүзеге асырмауға міндетті.

3.7. Қызмет саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде

1) Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға міндетті.

2) Еңбек тәртібін және қызметтік әдепті сақтауға міндетті

3) Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында әріптестердің мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдауға міндетті.

4) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түбегейлі шаралар қабылдау.

5) Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға міндетті.

6) Қызметтік емес немесе жеке тапсырмаларды орындау үшін қарамағындағы қызметкерлерді тартуға жол бермеу.

7) Мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, мекеменің мүлкін тек қызметтік мақсатта пайдалануға құқылы.