"Жыл басы - Наурыз мерекесі" иллюстрацияланған кітап көрмесі

WhatsApp Image 2026-03-19 at 14.27.29

Колледж кітапханасында көктемнің, табиғаттың жаңаруы мен халық бірлігінің символы-Наурыз мерекесіне арналған жарқын иллюстрацияланған кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Көрмеде қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлері, ұлттық әдеп - ғұрыптары мен мәдени мұралары туралы баяндайтын кітаптар қойылған. Иллюстрациялар беттерді жандандыруға және халықтық мерекелердің, жылулық пен қонақжайлылықтың атмосферасын жеткізуге көмектеседі.  Келушілер қазақ мәдениетінің байлығымен таныса алады.
Студенттер мен оқытушыларды көрмеге қатысуға, көктем рухынан шабыт алуға және ұрпақты біріктіретін дәстүрлерге қол  тигізуге шақырамыз!