
2026 жылдың 18 наурызында колледж базасында "Қазақстан алюминийі" АҚ қызметкерлерінің 3 курс студенттерімен кездесуі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты- болашақта жұмысқа орналастыру мақсатында 4-курста практика орындарын анықтау. "ҚА" АҚ таланттарды дамыту жөніндегі сарапшысы Қабыкен Данара келесі оқу жылында студенттер қандай мамандықтар және қандай цехтарда практикадан өте алатындығы туралы айтып берді. Практика ақылы екендігі атап өтілді. Студенттер зауыттағы жұмыс орындарындағы қалаулары туралы сұрақтары бар сауалнамаларды толтырды. "ҚА" АҚ инженер-технологы Николай Иванович Данилкив биыл ашылатын галий өндірісі бойынша жаңа цех туралы айтып берді. Николай Иванович біздің колледждің түлегі екенін ерекше атап өткіміз келеді. Студенттер мамандарды қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға білікті жауаптар алды.