
30 қыркүйек күні біздің колледжде алдын - алу шарасы өтті.
1 курс студенттерімен кездесуді Павлодар облысының ПД ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі, полиция майоры Сапарғали Еркебулан өткізді.
Әңгімелеу тақырыбы- "Бопсалау және буллинг ".
Студенттерге бейнематериал көрсетілді. Бейнематериалда дроперлік пен қорқытудың нақты мысалдары қарастырылды, сондай-ақ жастардың қазіргі заманғы тәуекелдері талқыланды.
Жасөспірімдер мен студенттер бопсалау арқылы қауіпті жағдайларға қалай тартылатындығына, "салушылардың" кім екендігіне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жастардың заңсыз әрекеттердің салдары туралы дұрыс түсінігін қалыптастыруға көмектеседі және саналы таңдау жасауға үйретеді.