Виктор Федорович Поликарповпен шығармашылық кездесу

photo_5258126399921393921_y.jpg_compressed Снимок экрана 2025-12-10 145744 Снимок экрана 2025-12-10 145929 Снимок экрана 2025-12-10 150013

Колледжде студент — дизайнерлердің суретші-график, кескіндемеші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі және Павлодар облысының Құрметті азаматы Виктор Федорович Поликарповпен шығармашылық кездесуі өтті. Балалар көрме дайындап, оның шығармашылық жолы туралы сұрақтар қойды. Соңында Виктор Федорович студенттерге қолтаңбасы бар гравюраларының көшірмелерін сыйға тартты. Кездесу жылы атмосферада өтті және есте қаларлықтай жарқын әсер берді.