АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Павлодар жоғары политехникалық колледжі» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

2021 жылғы 30 сәуір

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін келесі құрамда жұмыс тобы ұйымдастырылды: жұмыс тобының төрайымы: Кучерявых А.В. – директордың ТЖ жөніндегі орынбасары, жұмыс тобының мүшелері: Волкова И.Г., директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары, Мукатова Б.Ж. – Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, Нурбекова К. К. – директордың ӨО мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Чесалин С.А. – дене тәрбиесі жетекшісі, жұмыс тобының хатшысы – Бидаулетова А.К.

"Павлодар жоғары политехникалық колледжі" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылғы 1 қыркүйектен 2021 жылғы 30 сәуірге дейін жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ «ППЖК» ЖШС директорының 2021 жылғы 15 қаңтардағы №____ бұйрығы негізінде жүргізілді.

Мекеме өз қызметінде ҚР "Білім туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", "ҚР Бала құқықтары туралы" Заңдарын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР Азаматтық Кодексін, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" ҚР Кодексін, "Құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу туралы" ҚР Заңын, "ҚР еріктілер қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік және құқықтық актілерін, сонымен қатар 2017 жылғы 22 мамырдағы "Павлодар политехникалық жоғары колледжі" ЖШС құрылтайшысы бекіткен Мекеме жарғысын басшылыққа алады.

Мекеме қызметінің мәні келесі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады: 0506000 "Шаштараз өнері және сәндік косметика", 0402000 "Дизайн (салалар бойынша)", 0911000 "Электр және электромеханикалық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу техникалық пайдалану", 1302000 "Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)", 1012000 "Икемді автоматты желілер", 1014000 "Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)", 1003000 "Түсті металдар металлургиясы", 1003000 "1201000"Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану".

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мыналар анықталды:

1. Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Мекеме өз қызметінде "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын басшылыққа алады.

Осы нормативтік актілерде, сондай-ақ мекеменің жарғысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

1) Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы саласындағы ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Мекеменің штаттық саны техникалық персоналды есепке алмағанда 47 штаттық бірлікті құрайды.

2021 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша штат саны 47 штаттық бірлікті құрайды, оның ішінде 38 – оқытушылар құрамы, 9 – әкімшілік корпус.

30 сәуір күніне бос жұмыс орындар жоқ.

Кадрлардың ауысушылығын талдау мынаны көрсетті: 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңде 1 (бір) еңбек шарты жасалғанын, 2 (екі) еңбек шарты бұзылғанын көрсетті: 1 – зейнеткерлікке шығуға байланысты, 1 – қызметкердің бастамасы бойынша.

Теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ.

Тәртіптік практиканы талдау барысында 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі кезеңде мекемеде бірде-бір тәртіптік жаза қолданылмағаны анықталды.

Қызметкерлердің жеке істері, оның ішінде барлық қызметкерлердің тиісті салалардың уәкілетті органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетіні белгіленген біліктілік (дипломдар) беріле отырып, жоғары не кәсіптік және техникалық білімінің болуын куәландыратын құжаттар тексерілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе кәмелетке толмаған адамдардың (соттылығы бар адамдарды қоспағанда) қатысуымен еңбек шартын жасасуға және жұмысқа орналасуға салынатын тыйымдар және қойылатын шектелерге қатысты кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу және дамыту, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы ұйымдарға: адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының негізінде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол бермеу бойынша жұмыскерлердің жеке істері тексерілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық-анықтамалық есептеріне сәйкес қызметкерлердің жеке істерінде соттылығының жоқтығы туралы анықтамалардың бар екені анықталды.

"Арнайы есепке алу" ААЖ деректер базасына сәйкес Мекеме қызметкерлерінің ешқайсысының қылмыстық қылмыстар үшін соттылығы не өтелмеген соттылығы жоқ, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер жоқ.

Ішкі талдау барысында лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы анықталған жоқ.

1) Мүдделер қақтығысын реттеу

Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

1) Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Мекеме мемлекеттік емес болып табылады. Мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмайды.

2) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар

Мекемеге, сондай-ақ лауазымды тұлғаларға, мекеме қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды, жарияланымдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

3) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыс жағдайын талдау жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастырылатынын анықтады.

Тексерілетін кезең ішінде 28 -заңды тұлғалардан жиырма сегіз өтініш келіп түсті, оларға заңнамада белгіленген мерзімде (күнтізбелік 15 күнге дейін) дәлелді жазбаша жауаптар берілді.

4) прокурорлық қадағалау актілері

2020 жылғы 1 қыркүйектен 2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі тексерілетін кезеңде Мекемеге, Мекеменің тиісті тұлғаларына қатысты прокуратура органдары тарапынан қызметті (шағымдар, өтініштер бойынша) және заңдылықты бұзуды жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу жолымен бақылау-қадағалау функциялары жүзеге асырылмады.

ОДАН АРҒЫ ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

1. Мекеменің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес барлық талаптардың қатаң орындалуын ұстану.

2. Оқытушылар құрамы мен студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу.

3. 2021 жылғы 30 қараша күніне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Жұмыс тобының төрайымы:___________А.В.Кучерявых

Жұмыс тобының мүшелері:

1. ______________И.Г.Волкова

2. ______________Б.Ж.Мукатова

3. ______________К.К.Нурбекова

4. ______________С.А.Чесалин

Жұмыс тобының хатшысы:___________А.К.Бидаулетова

Таныстым:

«Павлодар политехникалық жоғары колледжі» ЖШС директоры

____________В.Л.Якутов